Тарихы

Меншік түрі: мемлекеттік (заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы № 002158657313 Акт ППЗ (№30940 17.11.2004ж. тіркеу номері) берілгені 21.12.2018ж.
Білім беру қызметі кәсіптік білім шеңберінде №KZ 80LAA00007103 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады. (Лицензияның жарамдылығының ерекше шарттары: жарамдылық мерзімі шектеусіз. Лицензияны берген орган: Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №472 бұйрығымен берілген мерзімі: 20 05. 2016 ж. Алғашқы берілген күні: 11.02.2013ж. Жоғарғыда көрсетілген лицензияға қосымша 2017жылдың 31 шілдесінде 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), 1201000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, 1403000 Ішкі санитарлық – техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) мамандықтарына №002, №003, №004, №005, №006, біліктіліктер берілді.
Ақырғы аттестаттаудан 17-20 – наурыз 2015 жыл (ОҚО білім саласын бақылау бойынша Департаментінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №264 бұйрығы)
Облыс орталығының Оңтүстік Қазақстан обылысынан Түркістан облысына ауысуына байланысты, қалалық оқу орындары Шымкент қаласы білім басқармасына өткізілді. Сондықтан, 25.01.2019 жылы №KZ76LAA00013868 лицензиясы және қосымшалары қайта рәсімделді. Мамандарды даярлау оқытудың күндізгі нысанында 8 мамандық 18 біліктілік бойынша мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
ҚР БжҒМ 26.06.2018ж. №305 бұйрығына сәйкес ТжКББ, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты эксперимент режимінде қолдануға біздің колледж 46 колледждің арасында енгізілді. 2019-2020ж. аралығында 1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) жұмыс жүргізілуде.

Оқу орнының атауындағы өзгерістер

Шымкент қаласындағы «№4 колледж», бұрынғы ОКТУ 1963 жылы наурыз айында ашылған, Республикалық көлемінде «Киномеханик» және «Байланыс» мамандықтары бойынша дайындаған. Базалық мекемесі облыстық кинофикацияның басқармасы болған. 1976 жылы училище (Парк көшесі) қазіргі Қ.Жарқынбеков көшесінде №13 үйде орналасқан.
Колледждің 56 жылдық тарихы бар, осы уақытта колледж, атын өзгерту мен қайта ұйымдастырудың бірнеше кезеңінен өтті.
Қаз ССР мемлекетінің кәсіптік білім берудің №220 бұйрығымен 13.08.1984 жылғы ГПТУ №38 ҚКТУ (Қалалық кәсіптік техникалық училище) атауы, ОКТУ (СПТУ) №4 (Орта кәсіптік техникалық училище) болып ауыстырылды.
ОҚО әкімшілігінің 31.07.1996 жылғы №153 шешімімен №4 ОКТУ (СПТУ)атауы, №4 КТМ (Кәсіптік техникалық мектеп) болып ауыстырылды.
ОҚО әкімшілігінің 20.04.2002 жылғы №38 шешімімен №4 КТМ атауы, №4 КМ (Кәсіптік мектеп) болып ауыстырылды.
ОҚО әкімшілігінің 05.05.2004 жылғы №34-А шешіміне сәйкес №4 КМ атауы, №4 КЛ (Кәсіптік лицей) болып ауыстырылды.
ОҚО әкімдігінің 25.09.2008 жылғы №306 қаулысына сәйкес №4 КЛ (кәсіптік лицей) атауы 2008 жылдың 24 қазанында №4 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды.
ОҚО әкімдігінің 24.02.2012 жылғы №394 қаулысына сәйкес №4 КЛ (Кәсіптік лицей) атауы 2012 жылдың 24 желтоқсанда №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды.
ОҚО әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес «ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды».
ОҚО әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №99 қаулысына сәйкес «ОҚО білім басқармасының №4 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып ауыстырылды».
Шымкент қаласы әкімдігінің 13 қыркүйек 2018 жылғы №165 қаулысына №2 қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан, Шымкент қаласы білім басқармасы «№4 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының болып ауыстырылды.                                                                                                Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 08 желтоқсандағы №767 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласы білім басқармасының «Энергетика және байланыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» болып ауысты.