Көрініс, миссия және стратегия

Миссия

«Еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қажетті ақпараттық технология, байланыс, энергетика, қызмет көрсету саласын автоматтандыру бойынша бәсекеге қабілетті, кәсіби маман дайындау»

Көрініс

МКҚК «Энергетика және байланыс колледжі» энергетика және байланыс, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және қызмет көрсету саласы бағыттарында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын облысымыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

• Тәрбие жұмысын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес жетілдіріп, болашақ жас мамандарға компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін меңгерту, мәдениеттілік, прагматизм мен тиімділік, ұлттық және мәдени сәйкестікті сақтау, білімге құштарлық пен ашық сана-сезім дағдылары арқылы бәсекеге қабілеттілікті дарыту;
• Нәтижелі, сапалы, заманауи білім жүйесін қалыптастыруда оқу процесінің басқару жүйесін, материалдық-техникалық базаны нығайту мен инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды үнемі жетілдіру;
• Сапалы оқыту мен жас мамандар даярлау үшін өндіріс қажеттілігін қамтамасыз етуге «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұсынысына сәйкес оқу, ғылыми және әдістемелік қызметін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын үздіксіз жаңарту;
• Азаматтық және кәсіптік міндетін орындауда рухани, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге қабілетті патриот жастарды қалыптастыру;
• Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында оқу орнында электромонтаж, өнеркәсіптік автоматтандыру мен бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша Worldskills құзыреттілік орталықтарын құру.