Кітапхана

ХХ I ғасыр -мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Н. Назарбаев

Қазіргі таңда жан –жақты  білім мен тәрбие берер мәдени  орындардың  бірі – кітапхана. Егемен  еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда колледж кітапханасы да рухани қазына  болып табылады. Кітапхана  оқырман  үшін  үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың  жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап  — уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Шымкент қалалық №4 колледжінің кітапханасы осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Кітапхананың жалпы көлемі -80,5 кв. м. Кітапхана қорын сақтау орны 56,5 кв.м.

Кітапхананың жұмыс жасау кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін
Сенбі -9-00 ден 13 -00 ге дейін

Кітапхана міндеті:

Оқырмандарға сапалы да, жылдам қызмет көрсету колледж кітапханашыларының басты міндеті. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу,  қорды реттеп ұйымдастыру, оқырмандардың қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау. Оқырманға абонементте, оқу залында, қызмет көрсетуде ұйымдастырады. Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған. Кітапхана қоры -24216 дананы құрайды. Оқулықтар 15104 –дана, көркем әдебиет – 8987 –дана, оқу –әдістемелік – 125 –дана.  Оқу –әдістемелік құралдар, әдебиеттер, анықтамалық –библиографиялық құралдар, энциклопедиялар, сөздіктер, әртүрлі  басылымдар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдардың үлкен көлемі. Кітапхана қоры –Фолиант, Алматы «Мектеп», «Арман ПВ» т.б. баспалар арқылы толықтырылады.
Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Колледж кітапханашылары жаңа түскен студенттерге «Кітапхана ережесі» т.б. тақырыптарға әңгіме  өткізеді. Мысалы, оқырман конференциясы, әдеби сазды кештер, кездесу кеші, көрмелер, жаңа кітаптарға шолулар және басқа да іс –шаралар. №4 колледж кітапхана меңгерушісі: Назанова Салтанат Сугиралиевна

Абонемент

Абонемент  оқырмандарды кітапханадан  тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу –әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Кітапхана  абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
  • оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу  үрдісін ұйымдастыру;
  • оқытушыларға, студенттерге және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
  • қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
  • оқырманға ақпарат талдауда консультациялық көмек көрсету.
  • Колледж студенттерінің білім алу барысында жан –жақты дайындалуына мүмкіндік береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жинақталған.
Оқу  залының атқаратын қызмет бағыттары;
  • пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету;
  • ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
  • оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
  • анықтамалық –ақпараттық тапсырыстарды орындау;
  • ашық көрмелік іс –шараларын өткізу;
  • Оқу залында оқытушылар мен оқушылар басылымдардың  жаңалықтарымен танысып, рефереат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады

Мерзімді басылымдар

Кітапхана газет пен журналдардың 10 түріне жазылады, соның ішінде  мемлекеттік тілде 8 түрі бар. Олар «оқыту тәрбиелеу технологиясы», «қазақстан мұғалімі», «колледж және кәсіптік бағдар», «мұғалім және заң»,
«техникалық және кәсіптік білім»,  «білімдегі  жаңалықтар», «бағдарлы мектеп», «сынып жетекшісі», «южный казахстан», «совр. Образование колледже» т.б.
Алдағы уақытта электрондық  оқу залын ашу қарастырылуда.