IT бөлімі

IT - бөлімі

Шымкент қаласы Білім басқармасының «№4 колледжі» «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылында 180 студент оқиды оның 56 студенті «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (құлағы нашар еститіндер, инклюзивті)» студенттер.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (құлағы нашар еститіндер, инклюзивті) білім алушыларға ОҚО әкімдігі 2014 жылғы 24 шілдесіндегі №234 қаулысының 1-қосымшасы және ОҚО білім басқармасының 2014 жылғы 5 тамызындағы №598 бұйрығы негізінде облыс бюджет есебінен оқытылуға рұқсат алынды. БжҒМ 24.08.2015жылғы №3 хаттамасына сәйкес, Білім басқармасының бұйрығымен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 2014-2015 оқу жылынан бастап ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (құлағы нашар еститін) студенттер білім алуына эксприменталды үлгілі оқу жоспары бекітілді. 2017жылы 18 студент бітіруші, қазіргі уақытта 56 студент білім алуда.

 «ІТ бөлімінде» 56 оқытушы оның ішінде:

Жоғарғы санатты:17 ұстаз

Магистрлер: 3 магистр

І санатты: 11 ұстаз

ІІ санатты:14 ұстаз

Жас мамандар: 5 ұстаз

Барлық пәндік бағыттардағы білімді жаңартып отырудың динамикалық өзгеру процесі тұрғысынан алғанда, оқытушылық құрамның сапалы контингентін қалыптастырудың тиімді жүйесін құру 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының негізгі міндеті болып табылады Мамандықтардың кадрлық әлеуеті білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Мамандықтар бойынша оқу үрдісі құрамы кәсіби, жалпы білім беру және жалпы кәсіби пәндер оқытушыларынан тұратын педагогикалық ұжыммен жүзеге асырылады.

Жоғары білікті оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификат алған. Бөлімнің оқытушылары облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып грамоталар, алғыс хаттармен марапатталған. 1304012 – «Санды ақпараттарды қайта өңдеу маманы» әдістемелік бірлестігіне қарасты 3 кабинет бар. Оның ішінде: 2 оқыту кабинеті, 1 зертханалық кабинет. Оқыту кабинеттері толық заманауи техникалармен, проектор,  компьютерлермен жабдықталған. Зертханалық кабинеттерде соңғы үлгідегі қондырғылар, компьютерлердің ішкі құрылғыларымен құрал саймандар орналасқан.

Шымкент қаласы білім басқармасының « №4 колледж» «ІТ» бөлімі әдістемелік бірлестігі көптеген өндірістік-мекемелермен тәжірибе алмаса отырып, дөңгелек үстел конференциясын ұйымдастырады. Атап айтқанда: «Жебе баспа үйі» ЖШС, «ERNIAZ» ЖШС, «Прима дистрибьюшн»ЖШС, ЖШС «Палинур», ЖСШ «Розимурод», ЖШС «Сауыршы агро» және көптеген жеке кәсіпкерлік шаруашылықтары.. Осы аталған өндірістік мекемелерде біздің студенттер практидан өтуде.

  • Шымкент қаласы білім басқармасының «№4 колледжі» «ІТ» бөлімінің студенттері облыстық және колледж аралық әр түрлі жарыстарға қатысып, облыстық номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған.