Қызмет көрсету бөлімі

Қызмет көрсету бөлімі

«Қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Қасымова Ханзада Арипхановна. 1966 жылы, 13 шілдеде дүниеге келген. Жоғары буілімді, көпбалалы ана, тәжірибелі ұстаз.

Білім беру  коды  және  бейіні: 0500000- Қызмет көрсету, экономика және басқару. Мамандығы 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» (қолдану аясы және салалары бойынша) 0510012- «Референт — Хатшы»,  0510023  «Іс қағаздарын жүргізуші» біліктіліктері бойынша 3 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс атқарып келеді

Олар: Акжолова Нұрлыхан Кадиркуловна  1971 жылы 27 наурызда дүниеге келген, жоғары білімді,отбасында 3 ұл баланың анасы, білікті маман иесі.Ауелбекова Айнур Караманқызы 1993 жылы, 15 қарашада дүниеге келген, жас отбасын құрған жан, жоғары білімді, жас маман. Мамедалиева Эльмира Еламановна 1982 жылы 29 августа дүниеге келген,жоғары білімді, 3 ұл баланың анасы,білікті маман иесі.

Ал «Радиоэлектроника және байланыс»мамандығы бойынша ыкукаааааыв

«Еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қажетті ақпараттық технология, байланыс, энергетика, қызмет көрсету саласын автоматтандыру бойынша бәсекеге қабілетті маман дайындау»

«Қызмет көрсету» бөлімінде Жалпы төмендегі топтар қамтылған ІІІ курс бойынша –жоқ.ІІ курс бойынша облыстық бюджетте №175топта 23 студент, республикалық бюджетте бітіруші топ №1809 — 25 студент,. І курс облыстық бюджет бойынша №185 топта  25 студент білім алуда. Облыстық бюджетте 41 студент  шәкіртақы алады. Республикалық бюджеттен 25 студент шәкіртақымен толық қамтамасыз етілген. Бір мезгіл ыстық тамақпен барлық студенттер толық қамтамасыз етілген.

Білім беру  коды  және  бейіні: 0500000- Қызмет көрсету, экономика және басқару. Мамандығы 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» (қолдану аясы және салалары бойынша) 0510012- «Референт — Хатшы»,  0510023  «Іс қағаздарын жүргізуші» біліктіліктері бойынша мемлекеттік тілде іс — қағаздарын жүргізуді, құжаттарды сауатты толтыру шеберлігі мен білік-дағдыларын қалыптастыру барысында бәсекеге қабілетті маман дайындайтын қаламыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.

Колледждің барлық оқу бөлмелері компьютерлік және мультимедиялық техникамен жабдықталған. Мамандық бойынша арнай    № 5 зертхана  жабдықталған.

Зертханада 13 компьютер, 1 электрондық тақта, 1 мультимедиялық проектор бар. мамандыққа сәйкес қабырғаға ілінген стендер бар.( Хатшының жұмыс орны, Хатшы мекеменің айнасы., қауіпсіздік ережесі, келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы, құжат айналымын ұйымдастаыру. т.б)

Бүгінгі таңда мамандығы  0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» (қолдану аясы және салалары бойынша) 0510012- «Референт — Хатшы»,  0510023  «Іс қағаздарын жүргізуші» біліктіліктері бойынша білім беру қызметін білікті де білімді заман талабына сай еңбек ете білетін, 3 — өндірістік оқыту шебері қызмет етіп келеді. Атап өтер болсақ Акжолова Нұрлыхан Кадиркуловна, Ауелбекова Айнур Караманқызы, Мамедалиева Эльмира Еламановналар.

Білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын  32-инженер- педагогтар  білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту жүйесін жүзеге асыруда.

Жалпы оқытушылар 38,8 жасты құрайды. Бүгінгі күні 35 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 11 жоғары санатты, (31,5 %,),  – бірінші санатты 6 (17,1%)– екінші санатты және 7 (20,0%) санаты жоқтар -11 (31,4), оның ішінде  жас мамандар.- 8. Жас оқытушыларды педагогикалық қызметке  ынталандыру мақсатында әдістемелік қызметпен жыл сайын байқаулар, конференциялар мен семинарлардың жас оқытушылардың шығармашылық есептері өткізіледі.

Олар  Қазақстандағы оқу орталықтар мен өндірістік кәсіпорындарда өз шеберліктері мен біліктіліктерін  арттырады. 0510000   «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» (қолдану аясы және салалары бойынша)» мамандығының  0510012-« Референт — Хатшы», 051002 3 «Іс қағаздарын жүргізуші» біліктіліктері бойынша  жұмыс істейтін оқытушылар «(Өрлеу БАУО) АҚ» «Өрлеу» АҚ БАҰО ОҚО бойынша  ПҚБА институты» «Учебном центре Smil AB», «М.Әуезов«ЮКГУ», «ТжКБДжББРҒ-ӘО. АҚ», «Кәсіпкер холдингі КЕАҚ» Соңғы бес жылда оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес, біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау туралы мәліметтер:

2015-2016 оқу жылында  – 3 оқытушы

2016-2017 оқу жылында  – 9 оқытушы

2017-2018 оқу жылында  – 6 оқытушы

2018-2019 оқу жылында «Хатшы – референт» бойынша ПБК оқытушыларының біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту курстарын оқу туралы ақпарат

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталған іс-шаралар кешені, сондай-ақ мамандықтардың апталықтары және  онкүндіктері аясында ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізу, оқытушылардың түрлі педагогикалық жарыстарға, конференциялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын қамтиды.

Оқыту тиімділігінің көрсеткіштері ретінде сондай-ақ оқытушылармен жазылған мақалалар, сондай-ақ мерзімді басылымдарда, педагогикалық порталдарда өз әдістемелік әзірлемелерін басып шығару арқылы бірлестік комиссиялары оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін таратуы да есептеледі.

Бұдан  басқа, республикалық, облыстық және қалалық жарыстарға және басқа да іс-шаралар ПБК оқытушыларының белсенді қатысуын атап өту қажет.

Бекітілген тәлімгерлер колледждің әдіскерімен бірге жас оқытушылардың сабақтарына қатысады, сабақтар өткізуге көмектеседі өз тәжірибесімен бөліседі және пайдалы кеңес береді. Өзін-өзі таныстыру, педагогикалық жаңа әдіс –тәсілдердің қыр –сырын ашып маман тәрбиелеудегі мақсаттарын жүзеге асыру, педагогикалық қызметке қажетті практикалық дағдыларды меңгеру, жас педагогтардың ұжымға үйренуі үшін жағдайлар жасалады. Тәжірибе алмасу мақсатында бөлімдерде өндірістік оқыту шеберлерімен оқытушылардың «сабаққа ену» кестесі құрылған. сабаққа ену парағы толтырылып әдістемелік бірлестік  комиссияның папкасында сақталады. (Қосымша)

Білім алушылардың білім сапасын жоғарылату үшін оқытушылар оқытудың заманауи техникалық құралдарын пайдаланады. Әрбір оқытушы оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу міндетін қойып отыр.

Колледжде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін, соның ішінде компьютерлік техниканың көмегімен, қажетті жабдықтармен жарақталған зертханалар бар.

Колледжді дамытудың басты басымдықтары бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін ББ ұтымды мөлшерін анықтау және педагогикалық ұжым мен білім алушыларды дамыту үшін жағымды жағдай жасау, сонымен қатар тәрбие жұмысының сапасын үнемі жақсарту  болып табылады.

Әлеуметтік серіктестеріміз – сапалы жаңа табыстарға жетумен жаһандық экономикаға толыққанды қатысудың кепілі. Әлеуметтік серіктестеріміздің өндіріс мекемесі, қалалық, аудандық жалпы орта мектептерінен іс-тәжірибеден өтуге жолдама беріліп, көпшілік жағдайда іс-тәжірибеден өтеді.

2016-2021 жыл аралығында өндірістік іс-тәжірибеден өткізу  үшін колледж әкімшілігі арасында әлеуметтік серіктестер  «Түркістан облыстық мемлекеттік архиві» КММ және «Шымкент Қалалық мемлекеттік архиві» КММ мекемесі, және қалалық, аудандық жалпы орта мектептері көрсетілген мерзім ішінде квалификациялық жұмысшы мамандар даярлау туралы келісім — шартқа тұрдық.

Білім беру  коды  және  бейіні: 0500000- Қызмет көрсету, экономика және басқару.

Мамандығы 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану», «Референт -хатшы», «Іс қағаздарын жүргізу», біліктіліктері бойынша №4 колледж 1989 жылдан бастап «Түркістан облыстық мемлекеттік архиві» КММ және «Шымкент Қалалық мемлекеттік архиві» КММ, қала аудан көлеміндегі жалпы орта мектептері мамандар дайындау мақсатында бірлескен келісім жасап, келісім –шарт негізінде білім алушыларды өндірістік іс- тәжрибеден өткізіп келеді. Мамандық бойынша студенттер оқу базасында  іс қағаздарын толтыру, ұйымдық-өкімдік құжаттарды құру, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу талаптарын, іс номенклатурасын құрастыруды, басшыға мекемеге келушілер мен мәдениетті қарым қатынас жасауды, мекемедегі құжат айналымын ұйымдастыруды кадр бөлімінің және кеңсенің  негізгі қызметтерін орындау, құжат айналымы жүйесін заман талабына сай жаңа бағдарламалық құралдар арқылы автоматтандыруды, электрондық үкімет ақпаратттық порталымен жұмыс жасауды, электрондық почтаны және Интернет желісінің қосымша қызметтері, әлеуметтік желілер көмегімен ақпарат алмасуды, заманауи оргтехникалық құралдармен жұмыс жасауды, жергілікті желіні құру мен пайдалану ережелерін меңгеріп, ортақ ақпараттық ресурстар мен құрылғыларды пайдалануды үйреніп шығады.

Оқу орнын бітірген түлектер облыстық және қала аумағындағы архивтерге, мемлекеттік мекемелерге, мектептерге жұмысқа қабылдануда.