Электромонтёр бөлімі

Энергетика бөлімі

«Энергетика» бөлімінде қазіргі таңда 198 студент күндізгі бөлімде оқиды. Барлық студент бюджеттік  түрде білім алуда. 125-студент Республикалық бюджетте, 73-студент облыстық бюджетте білім алуда. Бөлімде 9-шы және 11-ші сыныптан кейін қабылданған студенттер бар.        «Энергетика» бөлімінде 2  арнайы пән оқытушысы жұмыс істейді. 1 жоғарғы санатты, 1 бірінші санатты оқытушылар. Жоғары білікті оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификат алған. Бөлім оқытушылары облыстық, өңірлік және қалалық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алып, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталған        «Энергетика» бөлімінде 3 қарасты кабинет бар. Оның ішінде: 1 оқыту кабинеті, 2 зертханалық кабинет. Оқыту кабинеттері толық заманауи техникалармен, проектор,  компьютерлермен жабдықталған. Зертханалық кабинеттерде соңғы үлгідегі қондырғылар мен қазіргі заманауи технологиялармен жабдықталған жұмысшы макеттердің көмегімен оқытылады.

Шымкент қаласы білім басқармасының «№4 колледждің» «Энергетика» бөлімі көптеген өндірістік-мекемелермен тәжірибе алмаса отырып, дөңгелек үстел конференциясын ұйымдастырады. Атап айтқанда: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі, «Энергопоток» ЖШС-гі, «Шымкент механикалық зауыты» ЖШС-гі, «Алматы Строй Комплект» ЖШС-гі «НАРХОДЖАЕВ» ЖК және т.б.. Осы аталған өндірістік мекемелерде біздің студенттер практидан өтуде.

Шымкент қаласы білім басқармасының «№4 колледжінің» «Энергетика»  бөлімі студенттері өңірлік, облыстық және колледж аралық әр түрлі жарыстарға қатысып,  жүлделі орындарға ие болған.