Дәнекерлеуші және автомобил бөлімі

Дәнекерлеу және Автомобиль бөлімі

«Дәнекерлеу және Автомобиль»бөлімінде қазіргі таңда 3 мамандық бойынша 175-студент күндізгі бөлімінде білім алуда. Оның ішінде мамандығы:1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»,біліктілігі: 120106 2-«Автокөліктердің электрқұрылғыларын жөндеуші электрик», 120107 2-«Автокөлікті жөндеу слесарі»бойынша 50-студент  Республикалық бюджет және 25-студент Жергілікті бюджет түрінде білім алуда.Мамандығы:1114000«Дәнекерлеуісі»(түрлерібойынша),біліктілігі:111404 2-«Электр газымен дәнекерлеуші»,111401 2-«Дәнекерлеуші»(барлық атауларымен)бойынша 50-студент Республикалық бюджет және 25-студент Жергілікті бюджет түрінде білім алуда.Мамандығы:1403000-«Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды,желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» (түрлері бойынша),біліктілігі: 1403012 «Слесарь-сантехник»бойынша 25-студент,олар Жергілікті бюджет түрінде білім алуда.

Бөлімде 9-шы және 11-ші сыныптан кейін қабылданған студенттер бар. «Дәнекерлеу және Автомобиль»бөлімінде 3 арнайы пән оқытушысы жұмыс істейді.2 жас маман,1 оқытушымыз Оқыту кабинеттері толық заманауи техникалармен, проектор,  компьютерлермен жабдықталған. Зертханалық кабинеттерде мамандықтарға байланысты құрал-саймандармен,стендеттермен және макеттермен жабдықталған, оқыту жүйесі бойынша оқытылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасы«№4 колледж» «Дәнекерлеу және Автомобиль»бөлімі көптеген өндірістік-мекемелермен 2 жақты келісім-шарт жасасқан,өңдірістік іс-тәжірибе және келешекте жұмыс беруші ретінде.Атап айтқанда: ЖК «Байжарханов» , «Мол»АҚ, ЖШС «ИНСПЕКЦИЯ — ВРМ», ЖК «КИМ С.Х», ЖШС «АвтоТрансПартнер», ЖШС «Nimex», ЖШС «EV LTD», ЖШС «Ютсантехмонтаж строй», «Боз-Арық»ПК, «БипэкАвто»АҚ, «Строй-Арт Company»ЖШС, «Бек-Нур»ЖШС, «КазНур-констракш»ЖШС, «Нуралиев С.Д.»ЖШС, «Турсынбаев А.К.»ЖК, «Худайкулов Б.А.»ЖК, «Юсупов З.З.»ЖК, «Асыл Мура құрылыс»ЖШС, «Югсантехмонтаж-строй»ЖШС, «Шынаров Б.М.»ЖК, «Уют в доме»ЖШС, «ТНАLLOS»ЖШС, «ВодоКанал»ЖШС.

Осы аталған өндірістік мекемелерде біздің студенттер практидан өтуде.Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасы«№4 колледж» «Дәнекерлеу және Автомобиль»бөлімінің студенттері облыстық және колледж аралық әр түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

жоғары дәрежелі маман.Жоғары білікті оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификат алған. Бөлім оқытушылары облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып грамоталар, алғыс хаттармен марапатталған.«Дәнекерлеу және Автомобиль»бөліміне  қарасты 3 шеберхана және 2 гараж бар.